Халецкий Денис Димитреевич
- Аудан: Зауральный ауданының Святодухов поселкесі
- Қатысушының аты-жөні: Халецкий Денис Димитреевич, 1899 жылы туған, шаруа, Святодухов селосының тұрғыны, егін орумен айналысады, үйі, сиыры, бұзауы бар, қалған мүлкі 1929 жылы артық астық тапсырмағаны үшін тәркіленген, 1924 жылы бұрын сотталған, жазасын 5 жыл және 4 ай изоляторда өтеген, жалған колхоздың мүшесі.
- Айыпталған бабы: ҚК 58-8, 58-10 баптары
- Жаза: 1930 жылы 3 қаңтардағы ОГПУ-дың саяси өкілдігі жанындағы үштіктің шешімімен 3 жыл мерзімге концлагерге қамауға кесілген.
- Ақталған/ақталмаған (қашан, қандай құжатпен): 1989 жылы 12 маусымда Орал облыстық прокуратурасының қорытындысы негізінде қылмыстық іс тоқтатылып, ақталып шыққан.
- Көтеріліс туралы: Зауральный ауданының Святодухов поселкесінде Урожаев пен поп Киселев бастаған кулактардың ұйымы болған. Басшы топтың тұтқынға алынғанына қарамастан ұйым мүшелері антикеңестік қызметтерін тоқтатпаған. Кулактар өздерінің жағына кедейлер мен орташаларды үгіттеп шығарып алып, азаматтардың жалпы жиналыстарында ұйымның басшылары Урожаев пен Киселевты қамаудан босатуды талап етіп, тұрғындардың қолын жинаған. Көктемгі астық жинау науқаны кезеңінде Святодухов поселкесіндегі кулактар шаруашылықтарын сақтап қалу үшін өз жақтастарымен ғана қағаз жүзінде артель құрған, ал жағдай саябырсыған кезде бүкіл құжаттарды жойып, артельді таратып жіберіп отырған. Мұндай жалған артель Балицкийдің бастамасымен 1929 жылғы астық жинау науқаны кезінде де құрылған, оның басшылығына БКП (б) қатарынан шығарылған, Украинадан қашып келген Голдышты қойған. Кулактар басқосуларда тұрғындар арасында малдарыңды сатып жіберіңдер, колхозға ештеңе өткізіп керек емес, одан да өздерің ішіп-жеңдер деп үгіт-насихат жүргізген. Колхоздастыруға қарсы топ
- Дереккөз: БҚО ПД арнайы мемлекеттік архиві 18-қор, П-3052 іс, 18-20 пп.