Есеналин Ақылбек Ғабиденұлы
- Ұсынушының толық аты-жөні: Есеналин Ақылбек Ғабиденұлы
- Мекенжайы: Орал қаласы
- Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Немере
- Деректер кім арқылы жетті: Әже
- Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Есеналин (құжатта Исеналин болуы мүмкін) Әлмұхамбет Әжгерейұлы. 1938 жылы сотталған. Алашорданың батыс бөлімінде юнкер офицері болған. Әкесі Әжгерей 1912 жылы Салық Омартың орнына Өлеңті уезінде болыстыққа сайланған, кейін өзінің хатшысының қолынан қаза тапқан. Сотталғанға дейін дайындау мекемесінің есепшісі қызметін атқарған. Жымпиты ауданынан сотталған. Немересі Өскемен Есеналиннің айтуы бойынша Самара облысына жер аударылып, 70-ші жылдары ақталған. Жымпиты ауылынан қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы «Жазықсыз жазаланған бойдақтар» кітабында есімі көрсетілген. Интернеттегі бір мәліметте «Жиембайдағы (Жымпитыдағы болуы мүмкін) тұтқындар үйінің коменанты» деп делінген. Руы Байбақты-Шолан-Түкіш-Бегетай бөлімінен. Ұрпақтары Орал қаласында тұрады.