Ахмедияр Батырханов
- Ұсынушының толық аты-жөні: Ахмедияр Батырханов
- Мекенжайы: Орал қаласы
- Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
- Деректер кім арқылы жетті: Ғұбайдолла ағамыз айтқан
- Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары РФ Волгоград облысы Николаев және Палласов аудандарына Жәнібек пен Орда аудандарынан қоныс аударғандар көп. Ал Саратов облысының Озинки,Дергачи, Новоузен, Александров-Гай (Алғай) аудандарында біздің облыстың Жаңақала, Жәнібек, Казталов және бұрынғы Фурманов аудандарынан көшкендердің ұрпақтары тұрады. Сонымен қоса Ростов облысында жерлестеріміз біраз бар. Ғұбайдолла ағамыз айтқан Айдарлы және Тәшпек жер атаулары Жәнібек ауданының Борсы ауылында әлі солай аталады. Мәселен, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылынан 1928 жылы үдіре көшіп,Украин елінен пана тапқан Баянбай байдың ұрпақтары қазір Волгоград облысының Палласов ауданында тұрады.