Гүлжихан Жазықбаева
- Ұсынушының толық аты-жөні: Гүлжихан Жазықбаева
- Мекенжайы: Орал қаласы
- Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
- Деректер кім арқылы жетті: -
- Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Игі істеріңіз жалғасын тапсын. Менің де бір сұрағым бар. Әкеміздің атасы Айтқожа деген кезінде жер аударылған екен. Өзі би, молда, оқымысты кісі болса керек. Қаратөбе жерінен, ұмытпасам, естігенім бойынша Сабынкөл деген ауыл болған. Әкеміз өмірден ерте кетіп, көп нәрседен хабарсыз қалдық. Өз әкесін де (біздің атамыз) есін білер-білмес кезінде бір алагеуім уақытта үйден әкетіп, содан қайтып оралмапты деп естігенбіз. Сол бір репрессия кезі болуы керек шамасы. Атамыздың атын да нақты білмейміз. Оразалы болуы мүмкін. Кезінде әжеміз кесірі балаға тиеді деп айтқызбаған. Әкеміздің де, біздің де фамилиямыз Айтқожин болып қала беріпті. Осы жайында сіздерден білуге болады ма? Тегімізді нақтылау көптен бергі көкейде жүрген жай еді. Руымыз Ысықтан тараған, Жәдікбайдың Тінібегі. Мүмкін бір дерегі шығып қалар. Айтқожин Жоныс әкесінің аты-жөнін нақты білмейміз. Үйде өз қолымен бір тасалау жерге Уразалин деп қол қойып , жазып кетіпті, бала кезімде көргенім есімде. Оразалы ма деп ойлаймын өзім. Айтқожа әкесі емес, атасы деп отыратын шешеміз. Ол да өз кезінде айдалып кетіпті. Оқыған, молда , би болған екен деп айтып еді . Марат Жумагуловтың жауабы: Гүлжихан Жазықбаева Сәлем бердік. Сіз маған хабарласыңыз: 87752650220